Ссылки доступа

Мирзияевтің күйеу баласы Азия олимпиада кеңесінің Бас ассамблеясына қатысқан


Отабек Умаров оң жақта

Азия олимпиада кеңесінің (АОК) вице-президенті, Өзбекстан президентінің кіші күйеу баласы Отабек Умаров Дубайда өтетін АОК-тың 40-Бас ассамблеясына қатысқан. Бұл жөнінде Өзбекстанның Ұлттық олимпиада комитеті хабарлады.

Шара кезінде өзбек делегациясы "Ташкент-2025" Жастар арасындағы IV Азия ойындарына дайындық жұмыстарын таныстырған.

Ұзақ уақыт көзден таса болған президенттің кіші күйеу баласы тек соңғы айларда ғана көп алдына шыға бастаған.

Ол жақында өткен президент сайлауы кезінде отбасымен бірге Ш. Мирзияевтің жанында жүрді.

Биыл ақпан айында Отабек Умаров жол апатынан ауыр жарақат алып, Мәскеуде, сосын Оңтүстік Кореяда ем алып жатқаны айтылған.

Ол Өзбекстан президентінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметінің төраға орынбасары қызметінде қалды ма, жоқ па, әлі ресми хабарланбады.

XS
SM
MD
LG