Ссылки доступа

Түркіменстанда пошта деректері тек түркімен тілінде ғана толтыру міндеттелді


Түркіменстанда пошта байланысы туралы заң қабылданып, барлық тараптар пошта деректерін түркімен тілінде ғана толтыруға міндеттелді. Бұл туралы Turkmen.news сайты хабарлады.

"Түркіменстан ішінде хат жөнелтуші мен алушының пошта деректері тек мемлекеттік тілде ғана жазылуы тиіс. Өлке сыртында жөнелтілген хаттар Дүниежүзілік пошта одағының актілерімен бекітілген және хат баратын елдің тілінде толтырылуы тиіс", - деп жазылған заңда.

2010 жылы қабылданған осыған дейінгі заңда пошта арқылы жөнелтілген орыс тілінде толтырылған хаттар бақылауға алынбаған.

Түркіменстанда мемлекеттік тіл — түркімен тілі. Орыс тілі ешқандай мәртебеге ие емес. Бірақ Ашғабадта және облыс орталықтарында орыс сыныбы бар мектептер жұмыс істейді.

2020 жылы қыркүйекте Ашғабадтағы №64 мектептегі орыс сыныптары жабылған. Осыған байланысты Ресейдің сыртқы істер министрлігі алаңдаушылығын білдірген. Бірақ Түркіменстанның білім министрлігі алаңдауға еш негіз жоқ екенін, орыс сыныптар бір ғана мектепте жойылғанын айтып, оған мектептің мәртебесі өзгеруі себеп болғанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG