Ссылки доступа

UNHCR Душанбемен ауған босқындарына шекараны ашу мәселесін талқылап жатыр


БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары ауған босқындарына Тәжікстан шекарасының жабық болуына қарсы шықты. Тәжікстандағы ауған босқындарымен жұмыс туралы 23 қарашада Душанбеде өткен баспасөз конференциясында баяндалды.

БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғары комиссарының Орталық Азиядағы өкілі Ханс Фридрих Шоддердің айтуынша, қазір Тәжікстанда 12 мың ауған босқыны бар. 6 мың босқын бұл елге жыл басынан бері ұшақпен келген.

Жоғары комиссар өкілінің айтуынша, ауған босқындары үшін шекараны ашу мәселесі тәжік билігімен талқыланып жатыр.

Ханс Фридрих Шоддердің мәлімдеуінше, олар Душанбеден ауған босқындарын елге қайтармауын сұраған. Ұйым мәліметі бойынша, 11 қарашада Тәжікстан билігі 11 азаматты "мәжбүрлі түрде" Ауғанстанға қайтарған. Олардың арасында әйелдер мен балалар да бар.

Тәліптер Ауғанстандағы билікті басып алғалы жүздеген ауған басқа елдерге көшуге мәжбүр болды. Баспана іздеген ондаған босқын Тәжікстанға өте алмады.

XS
SM
MD
LG