Ссылки доступа

Азаттықтың қырғыз қызметі атынан "Бүтін Қырғызстан" лидеріне қатысты жалған мәлімет таратылып жатыр


"Бүтін Қырғызстан" партиясының лидері Адахан Мадумаровтың "Қырғызстаннан қашып кеткені" жөнінде жалған мәлімет Азаттықтың қырғыз қызметі атынан әлеуметтік желілерге таратылып жатыр.

22 қарашада Фейсбуктағы бірқатар парақшалар осындай ақпаратты Азаттықтың белгісімен (лого) жариялаған.

"Бүтін Қырғызстан" партиясының саяси кеңесінің мүшесі Мирбек Мунарбек уулу Мадумаров екі күн бұрын Ресейге кеткенін, Мәскеу мен Санкт-Петербургте сайлаушылармен кездесіп жатқанын хабарлады. Ол 26 қарашада Қырғызстанға қайтып келетінін айтты.

Азаттықтың қырғыз қызметінің барлық материалдары azattyk.org және rus.azattyk.org ресми сайттарында жарияланады. Одан бөлек әлеуметтік желілердегі барлық парақшалары (Instagram, Twitter, Facebook, YouTube, Telegram) ресми түрде тексеруден өтіп, оны растайтын көк белгіге ие.

Әлеуметтік желідегі парақшалары:

"Фейсбук" - Kyrgyz Azattyk unalgysy,

"Инстаграм", "ВКонтакте" - azattyk.kg,

"Твиттер" - @Azattyk_radiosu,

"Одноклассники" және "Ютубдағы" канал - Azattyk,

Орыс тіліндегі парақшалар - Azattyk Media.

Азаттық журналистері тек дәйекке, негізге сүйене отырып шынайы ақпарат таратады. Расталмаған материал ешқашан сайтқа жарияланып, радиодан хабарланбайды.

XS
SM
MD
LG