Ссылки доступа

Депортацияланған тәжік азаматтарының дені Ресейге басқа есіммен қайтып оралған


Ресейден депортацияланған тәжікстандық мигранттардың дені есімін өзгертіп, жаңа құжат алып, қайтып оралған. Олар елінде төлқұжатын жоғалтып алғанын білдіріп, басқа есіммен жаңа құжат алған.

Бұл туралы Азаттықтың тәжік қызметінің ("Озоди" радиосы) жаңа зерттеуінде айтылады.

2021 жылдың басында тәжік азаматының аты-жөнін өзгерту туралы өтінішін қарау мерзімі заң арқылы үш есеге қысқарған.

Тәжікстанның Әділет министрлігінің статистикасына қарағанда, 2014 жылдан бері 235 мың адам аты-жөнін өзгерткен. Бұл үшін олар жалпы 31 миллион доллар үкіметке төлеген. Әділет министрлігі мұны тәжік шенеуніктері орысша үлгідегі тектен бас тартып жатқанымен түсіндіреді. Тәжікстанда ресми 19 мың шенеунік бар.

Енді азаматтардың аты-жөнін жаппай өзгертуі Ресейдегі миграцияға байланысты болып тұр. 2020 жылдың соңына дейін Ресейден 272 мың адам депортацияланған.

Зерттеуге сүйенсек, бірқатар азаматтар соңғы 5-6 жылда құжаттарын төрт рет алмастырған жағдай болған. Құқық қорғаушы Каримжон Еровтың сөзінше, кейбір мигранттар жаңа құжат алу үшін 500 доллар пара берген жағдай болған.

XS
SM
MD
LG