Ссылки доступа

Қырғызстанда оппозиционер Равшан Жеенбековтің жақтастары ОСК төрағасын қызметтен алуды талап етті


Оппозициядағы саясаткер Равшан Жеенбековтің жақтастары 24 қарашада Орталық сайлау комиссиясының ғимараты алдында наразылық акциясын өткізді.

Олар ОСК басшысы Нұржан Шайлдабекованың қызметтен кетуін талап етті. Комиссия оппозициядағы саясаткердің Жогорку Кенеш депутаты болуға үміткердің сайлау қарсаңында үгіт-насихат жүргізу құқығын қорғамай отыр деп есептейді ОСК алдына жиналған халық.

Еске салайық, ОСК Равшан Жеенбековті депутат болуға кандидат ретінде тіркеді, алайда сот оны қамаудан босатпады.

Оппозициядағы саясаткер Қой-Таш оқиғасына қатысты іс бойынша 2019 жылғы 12 желтоқсанда ұсталып, 2020 жылғы қазандағы тәртіпсіздік кезінде бостандыққа шықты. Биыл 5 тамызда сот үйқамақ тәртібін бұзды деген айыппен саясаткерді қамауға алды. Жеенбеков тағылған айыптарды жоққа шығарды, бұның бәрін саяси қудалауға жатқызды. "Азаматтық бақылау комитеті" оны саяси тұтқын деп таныды.

XS
SM
MD
LG