Ссылки доступа

Қырғызстанда бюджеттің бірнеше қызметкері сайлау қарсаңында үгіт-насихат жүргізгені үшін жұмыстан шығарылды


Мәдениет пен спорт саласының бірнеше өкілі сайлау қарсаңында үгіт-насихат жүргізгені үшін жұмыстан шығарылды немесе сөгіс естіді. Бұл туралы Мәдениет, спорт және жастар саясаты министрлігі хабарлады.

Мәселен, Ош драма театры әдебиет бөлімінің басшысы жұмыстан шығарылды, "Манас" театрының директоры, Алай ауданында Мәдениет үйінің жетекшісі, Тоқмақ спорт мектебінің бапкері қызметтен өз еркімен кетті. Куршабтағы музыкалық мектеп мұғалімі мен "Манас Ордо" кешені директорының орынбасары сөгіс естіді.

Бұның алдында үкімет басшысы сайлау қарсаңында үгіт-насихат жүргізген бірнеше адамды қызметтен алған. Ош мемлекеттік университетінің ректоры, педагогика факультетінің деканы және үш ұстаз жұмыстан шығып қалған. Лейлек ауданының әкімі сайлауға араласқаны үшін қызметтен уақытша шеттетілсе, Исфана әкімі сөгіс естіді.

Қырғызстанда парламент сайлауы қарсаңындағы үгіт-насихат 29 қазанда басталды. Ішкі істер министрлігі 158 заң бұзушылық тіркелгенін хабарлады.

Парламент сайлауы 28 қарашада өтеді.

XS
SM
MD
LG