Ссылки доступа

"Құмтөр ісі" аясында ұсталған саясаткерлердің жақтастары митинг өткізді


25 қарашада Бішкек қаласы 1-май аудандық соты "Құмтөр ісі" аясында ұсталған саясаткерлерді қамауда ұстау мерзімін ұзартты.

Бұрынғы спикер Асылбек Жээнбеков, экс-вице-спикер Торобай Зулпукаров, бұрынғы вице-премьер-министр Тайырбек Сарпашев және президент аппаратының бұрынғы жетекшісі Данияр Нарымбаев 2022 жылдың 30 қаңтарына дейін қамауда отырады.

Сот отырысы кезінде сот ғимараты алдына жиналған халық күдіктілерді босатуды, істің әділ қаралуын талап етті.

20 қарашада 1-май аудандық соты бұрынғы премьер-министрлер Жоомарт Оторбаев пен Темір Сариевті ешқайда кетпеу жөніндегі қолхатпен босатты. Олардың да үстінен "Құмтөр ісі" аясында айып тағылған.

Құмтөр алтын кеніне қатысты жемқорлық ісі бойынша қылмыстық іс қозғалған соң, іс аясында бірнеше шенеунік пен депутат ұсталды.

Экс-депутаттар Алмазбек Баатырбеков, Талантбек Ұзақбаев, Исхак Пирматов және бұрынғы вице-премьер-министр Тайырбек Сарпашев тергеумен келісімге отырған соң босатылды. Кейін сот Пирматовты жемқорлық айыбы бойынша кінәлі деп танып, оған 300 мың сом айыппұл салды, ал Сарпашев келісім талаптарын орындамағаны үшін тергеу изоляторына қайтарылды.

Бұрынғы президент Сооронбай Жээнбеков екі мәрте тергелді.

XS
SM
MD
LG