Ссылки доступа

Құмтөрдегі алтын өндіру фабрикасын модернизациялау басталды


"Құмтор Голд Компани" (ҚГК) алтын өндіру фабриксын модернизациялау жобасын жүзеге асыра бастады.

Компанияның ресми сайтындағы мәліметке қарағанда, бұл фабрика 1996 жылдан бері толық жөнделмеген. "Фабрикадағы өзгерістерді мамандар технологиялық шағын төңкеріс деп атады. Мұндағы технологиялық процестерге жасанды интеллект бақылау орнатады", – делінген ҚГК мәлімдемесінде.

Компания фабрика мамандарын Қазақстанға оқуға жіберген, одан соң қызметкерлер Мәскеуге білім алуға аттанады.

Құмтөр – Қырғызстандағы ірі алтын кені. Мұнда жыл сайын 15-17 тонна алтын өндіріледі. Кенді "Құмтор Голд Компани" салалас компаниясының көмегімен канадалық Centerra Gold Inc. компаниясы өндірген, Қырғызстанның мұндағы үлесі - 26%.

Биыл мамырда Жогорку Кенеш кәсіпорынға уақытша сырттай басқару енгізуді үкіметке тапсырды. Мемлекеттік комиссия Centerra Қырғызстанға 4 млрд 252 млн доллар салық пен экология санкцияларын төлеуі тиіс деп мәлімдеді.

Канадалық компания айыптауларды жоққа шығарып, қырғыз үкіметінің үстінен халықаралық соттарға шағымданды.

XS
SM
MD
LG