Ссылки доступа

Желтоқсанда өзбек-қырғыз шекарасының өткізу бекеттері уақытша жабылады


1-3 желтоқсан аралығында өзбек-қырғыз шекарасындағы "Өзбекстан -Автодорожный" және "Қызыл-Қия-Автодорожный" өткізу бекеттері уақытша жабылады. Бұл жөнінде Қырғызстанның мемлекеттік кеден қызметі хабарлады.

Бұл жолды жөндеу жұмыстарына байланысты делінген.

Аталған мерзімде тек "Достық -автодорожный" өткізу бекеті жұмыс істейді.

4 желтоқсаннан бастап шекара бекеттері қайта ашылады.

XS
SM
MD
LG