Ссылки доступа

Ташкенттегі бір жатақханада газ жарылып, 18 жұмысшы зардап шекті


29 қарашада таңертең Ташкент қаласының Сергелі ауданындағы "Узмилл" жатақханасында газ жарылып, одан соң ғимарат өртенді.

Өзбекстан төтенше жағдарлар жөніндегі министрлігінің хабарлауынша, оқиға сағат бесте болған.

Жарылыс болған уақытта жатақханада 43 жұмысшы болған, олардың 18-і түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Кісі өлімі туралы мәлімет түспеді.

Шұғыл тергеу тобы құрылып, оның құрамына құзырлы органдардың мамандары кірді.

Алдын ала мәлімет бойынша, құбырдың дұрыс болмауы салдарынан газ бір бөлмеге жиналып, жарылған.

XS
SM
MD
LG