Ссылки доступа

Өзбекстанда саяси белсенділерді қуғындау жалғасып жатыр


Саяси белсенді Махмуд Давронов
Саяси белсенді Махмуд Давронов

Өзбекстандағы белсенділер елде азаматтық қоғам өкілдеріне қысым жасау жалғасып жатыр деп мәлімдейді.

59 жастағы белсенді Махмуд Давронов президент сайлауы кезінде сыртқы әлеммен байланыссыз қалғанын жеткізді. Ол Мирзияев үкіметін сынға алып, қазанда өткен президент сайлауына бойкот жариялауға шақырған. Оның сөзінше, сайлау алдында оның мобилді байланысын өшіріп тастаған. Үйінде жарық және интернет сөнген. Сонымен бірге оған коммуналдық қарызы бар деп шетелге шығуға тыйым салған.

Таяуда тағы бір өзбек блогері Алексей Гаршин видео үндеу жасап, өзіне ашықтан ашық аңду басталғанын жеткізді. Ол - өзбек президентінің құпия резиденциясы жайында бірінші мәлімдеген блогер. Оның сөзінше, белгісіз адамдар жеңіл көлікпен келіп, үйін үнемі аңдып тұрады.

"Бұл мемлекет мені қорғауы тиіс. Олардың мінген көлігі біздің салықтан түскен ақшаға алынған. Бірақ олар репрессиямен айналысады", - дейді видео үндеуде Алексей Гаршин.

Өткен аптада халықаралық Human Rights Watch ұйымы Еуропалық одақты Орталық Азия үкіметіне қысым жасауға шақырды.

Қазан айында Өзбекстанда президент сайлауы өтіп, Шавкат Мирзияев екінші кезеңге сайланған.

XS
SM
MD
LG