Ссылки доступа

Түркіменстанда студент қыз қатыгездікпен өлтірілген


26 қарашада Түркмөнабад қаласындағы пәтерлердің бірінде студент қыздың денесі табылды. Азаттықтың түркімен қызметінің полициядағы дереккөзі мәлімдегендей, қыз зорланып, кеудесіне бірнеше рет пышақ сұғылған.

Ақпаратқа қарағанда, қыз пәтерінде апасымен тұрған және жоғары оқу орындарының бірінде үшінші курста оқыған.

Қылмыстық оқиға болған кезде апасы жұмыста болған.

Полициядағы дереккөз күдіктіні іздестіруде нәтиже болмай жатқанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG