Ссылки доступа

Мирзияев үкімет басшысына жекеменшік телеарналардағы ток-шоуларды бақылауға алуды тапсырды


Кадр из ток-шоу «Yor-yor».
Кадр из ток-шоу «Yor-yor».

Ташкент қаласы Шайхантахур ауданының тұрғындары Өзбекстан телеарналарында көрсетілетін ток-шоулардың сапасы сын көтермейтінін айтып, президент Шавкат Мирзияевқа шағымданды.

23 қарашада мемлекет басшысы астанадағы Шайхантахур ауданының тұрғындарымен кездескен.

"Құрметті президент, сіз махаллаларға көп көңіл бөлесіз. "Sevimli" телеарнасындағы "Mahallada duv-duv gap" бағдарламасы туралы айтайын деп едім. Оны отбасымен бірге отырып көру мүмкін емес. Махалла мәселесін талқылағысы келсе, сонда барсын. "Yor-yor" деген де бағдарлама бар. Онда әйелдер күйеу, ер азаматтар әйел іздейді. Жақсы жігіт қызды өзі-ақ табады", – деді махалла белсендісі Рустам Калонов.

Kun.uz сайтының хабарлауынша, президент бұл мәселені премьер–министрке тапсырған.

"Mahallada duv-duv gap" ток-шоуында негізінен отбасы, кейде әлеуметтік мәселелер талқыланады. Осы тәріздес ток-шоулар басқа да телеарналарда бар.

"Yor-yor" ток-шоуы, бағдарлама авторларының пікірінше, бойдақ жігіттер мен басы бос қыздарды таныстыруды көздейді.

Сынға ұшыраған ток-шоулардың жабылған-жабылмағаны әзірге белгісіз. "Озодлик" дереккөзінің хабарлауынша, бұл мәселені премьер-министр Абдулла Әріпов қолға алған, ал сөз болған екі ток-шоу жабылып қалуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG