Ссылки доступа

Қырғызстан мен Тәжікстан өкілдері шекарада құрылысты тоқтату жөнінде келіссөз жүргізді


Қырғызстанның шекара қызметі қырғыз-тәжік шекарасының бекітілмеген аймағында Тәжікстан құрылыс ісін бастағанын, Қырғызстан оны тоқтатқанын мәлімдеді.

30 қарашада таратылған ресми мәліметке сәйкес, Қырғызстан мен Тәжікстан арасында бұрын қол жеткізген келісімге қарамастан, Сүлүктү-Пролетарск темір жолының Лейлек ауданы аймағындағы жеріне тәжік тарабы демонтаждау ісін бастаған. Тәжік тарабы бекітілмеген аймаққа заңсыз барған.

Тәжікстанның 30-35 шақты азаматы аймаққа өтіп жатқанда, қырғыз шекара қызметкерлері тарапынан тоқтатылған.

Қырғызстан Баткен ауданының Ак-Сай ауыл үкіметіне қарасты Чек учаскесіне жергілікті тұрғындарға арнап үй салуды бастаған. Шекара қызметінің мәліметіне қарағанда, тәжік азаматтары оған қарсы Көк-Таш елді-мекені маңайындағы Сомониён жеріне құрылыс бастаған.

Екі өлкенің шекара қызметкерлері кездесіп, тараптар құрылыстарды тоқтатты.

XS
SM
MD
LG