Ссылки доступа

Өзбекстанда жасанды интеллект технологиясын қолдауға арнайы жүйе құрылады


Өзбекстанда үкіметтің 29 қарашадағы қаулысымен жасанды интеллект технологияларын қолданудың арнайы жүйесін құру және оны іске енгізу тәртібі туралы жоба бекітілді. Бұл туралы "Құқықтық ақпарат" Telegram-каналы хабарлады.

Жобаға сәйкес, арнайы жүйе IT-парктың бір бөлігі болып саналады. Ондай арнайы заңдық жеңілдіктер құрылып, заңдық және ғылыми ұйымдар тарабынан сыналып, жүзеге асырылады.

Арнайы жүйеге қатысуды қалағандар IT-парктың веб-платформасы арқылы өтініш беруі тиіс. Өтініш бес күн ішінде қаралады.

Арнайы жүйеге қатысушыларды оқыту және қызметкерлерді қайта дайындықтан өткізу шығыны мемлекет есебінен жұмсалады.

XS
SM
MD
LG