Ссылки доступа

Душанбеде екі айлық нәрестені ұрлаған әйел ұсталды


Милиция қызметкерлері Тәжікстан астанасында екі айлық нәрестені ұрлаған әйелді ұстады.

Душанбе ішкі істер департаментінің хабарлауынша, бала ұрлаған күдікті - Рудаки ауданы Кампирқала ауылының тұрғыны Нигора Ахмедова.

"30 қарашада түстен кейін Ахмедова астанадағы №13 емханада балалы әйелге көмектесуге келіскен. Ана шаруаларын бітіру үшін бірнеше минутқа кеткен уақытта Ахметова екі айлық баланы алып, емханадан қашып кеткен", - делінген милиция таратқан мәліметте.

Хабарларға қарағанда, күдікті 1 желтоқсанда таңғы сағат 4:20-да Душанбе сыртында ұсталды.

Нигора Ахмедованың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG