Ссылки доступа

Қырғызстан электр қуатын Түркіменстаннан 2022 жылы да импорттайды


Қырғызстанның мемлекет басшысы мен үкіметі электр қуатын Түркіменстаннан 2022 жылы да алу үшін келіссөз жүргізіп жатыр.

Қырғызстан энергетика министрі Досқұл Бекмұрзаев 3 желтоқсанда қырғыз-түркімен үкіметаралық комиссиясының бесінші отырысында осылай деп мәлімдеді.

Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, комиссия отырысы видеоконференция түрінде ұйымдастырылды. Онда Бекмұрзаев Қырғызстан энергетика әлеуметін арттыруды көздейтінін мәлімдеді.

Министр 2021 жылғы маусымда президент Садыр Жапаровтың Түркіменстанға сапары кезінде электр қуатын импорттау жөнінде келіскенін еске салды. Қырғызстан электр қуатын Түркіменстаннан биыл 1 тамызда ала бастады.

Министрдің айтуынша, Түркіменстаннан 2022 жылға дейін электр қуатын алу жөнінде тағы бір келісімге қол қойылған. Мемлекет басшысы мен министрліктер деңгейінде осы салады келіссөздер жүріп жатыр.

Биыл Қырғызстандағы Тоқтоғүл су қоймасына су өте аз жиналды. Мемлекет энергетика дағдарысына ұшырады.

Қиын жағдайдан шығу үшін қырғыз үкіметі электр қуатын Қазақстан мен Өзбекстаннан, сонымен бірге Түркіменстаннан импорттауға мәжбүр.

XS
SM
MD
LG