Ссылки доступа

Түркіменстанда бюджет қызметкерлерінен түркімен тілінде ғана сөйлеуді талап етті


Униформу в Туркменистане должны носить от мала до велика
Униформу в Туркменистане должны носить от мала до велика

Түркіменстанда мемлекеттік мекемелерде істейтін қызметкерлерден өзара тек қана түркімен тілінде сөйлесуін талап етіп жатыр.

Лебап уәлаятында бюджет қызметкерлерінен түркімен тілінде таза сөйлеуді талап етті. Орыс немесе өзбек тілінде сөйлегендер жазаланады.

Еске салайық, бұның алдында Түркіменстанда балабақшаларда орыс тілінде мультфильм көрсетуге тыйым салынған.

"Тағы да талап қойып жатыр. Енді бюджет қызметкерлері жұмыста тек қана түркімен тілінде сөйлесуі тиіс. Басқа тілдерді араластырып сөйлесетіндерге айыппұл салынатыны айтылды", - дейді Фарап ауданындағы бір мұғалім.

Айта кетерлік жайт, Фарап этрапында және Лебап уәлаятындағы басқа да этраптарда этникалық өзбектер көп. Олар көбіне өзбек тілінде, түркімен тілінде өзбек сөздерін араластырып сөйлейді.

XS
SM
MD
LG