Ссылки доступа

Өзбек дәрігері саяси көзқарасы үшін қысымға ұшырағанын мәлімдеді


Врач и политический активист Джавохир Хатамов.
Врач и политический активист Джавохир Хатамов.

"Хакикат ва тараккиёт" ("Ақиқат пен даму") партиясы үшін қол жинауға қатысқан дәрігер күш құрылымдарының қысымына ұшырағанын мәлімдеді. Оппозициялық партияны Өзбекстан әділет министрлігі тіркемей қойған.

Науаи облысы Қызылтепе ауданының тұрғыны Жавохир Хатамов қылмыстық іздестіру бөлімінің қызметкерлері қысым көрсеткенін мәлімдеді.

– Бұның алдында маған ішкі істер органына келуімді сұраған. Мен бас тарттым. Сосын ол бас дәрігердің орынбасарын қорқытқан. Мен органға барудан бас тартқан соң, олар аураханаға келді. Сайлауда кімге дауыс бергенімді сұрады, – дейді Хатамов.

Олар дәрігердің сайлау бюллетеніне "Сайлауларың мен кандидаттарыңа түкірдім" деп неге жазғанын білгісі келген.

– Олар осы сөзді жазған адамды іздеген. Олар оны менің жазғанымды қалай білген? – деп сұрайды Жавохир Хатамов.

Өзбекстанда президент сайлауы 24 қазанда өтті. Сайлауда президент Шавкат Мирзияев жеңіске жетті. Сайлауға оппозициялық партиялар ұсынған үміткерлер жіберілмеді.

XS
SM
MD
LG