Ссылки доступа

Қырғызстанда сот өмірлік түрме жазасына кесілген екі тәжікстандықтың мерзімін 15 жылға алмастырды


У здания Лейлекского районного суда. Архивное фото
У здания Лейлекского районного суда. Архивное фото

Қырғызстанның Баткен облысындағы сот 6 желтоқсанда Тәжікстанның өмірлік жаза алған екі азаматының қамаудағы мерзімін 15 жылға алмастырды. Сотталған Абдурозик Абдукаххоров пен Асқар Юнусовтың туыстары сот үкіміне шағымданған.

Баткен облысы Лейлек ауданының соты 14 қыркүйекте Тәжікстанның екі азаматы Абдурозик Абдукаххоров пен Асқар Юнусовқа өмірлік түрме жазасын белгіледі. Оларға "бейбітшілікке қарсы қылмыс" және "қарақшылық" айыптары тағылған. Сотталушылардың туыстары сот үкімін әділетсіз деп есептейді.

"Өмірлік жазаны 15 жылға алмастырғанын бізге елшілік қызметкері хабарлады", - дейді Абдукаххоровтың әйелі Наргиса Жабборова. Ол өмірлік түрме жазасын алып тастағанына қуанды.

"Күйеуімнің кінәсі жоқ екеніне сенімдімін. Ол тәжік сарбаздарымен бірге суретке түскені үшін ғана осындай ауыр жаза алды. Біз оның ақталып шыққанын қалаймыз", - дейді Наргиса.

Баткен облысының соты жазаның жеңілдегені туралы әзірге хабарлаған жоқ.

Абдурозик Абдукаххоров пен Асқар Юнусов биыл мамырда тәжік-қырғыз шекарасындағы қарулы жанжалдан соң ұсталды. Сәуір айының соңындағы қақтығыста екі елдің 55 азаматы қаза тапты.

26 қарашада Тәжікстан шекарада ұсталған үш қырғызстандықты босатты. Қырғызстан Душанбеге екі тәжікстандықты қайтаратынын хабарлады.

XS
SM
MD
LG