Ссылки доступа

Қырғызстандағы сайлау-2021: ОСК қолмен санаудың нәтижесін жариялады


28 қарашада өткен парламент сайлауындағы дауыстарды қолмен санау қаулылары толық жарияланды. Осылай деп Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы мәлімдеді.

Қолмен санау нәтижесінде, парламент сайлауындағы жарамсыз бюллетендердің саны 3 926-ға қысқарған.

Бір мандатты округтардағы қолмен санау 2 желтоқсанда аяқталған.

ОСК сайлау нәтижесі заңға сәйкес жарияланатынын жеткізді. Осының алдында сайлаудың түпкілікті қорытындысы 18 желтоқсанға дейін жарияланатыны айтылған.

Азаттықтың дереккөздерінің хабарлауынша, жаңадан сайланған депутаттар 22 желтоқсанда ант беруі мүмкін.

28 қарашада Қырғызстанда парламент сайлауы жаңа система бойынша өткен. Бұл жолы Жогорку Кеңеште 90 депутат болады. Оның 54-і партия тізімі бойынша, қалған 36-сы бір мандатты округтерден сайланады.

XS
SM
MD
LG