Ссылки доступа

Бішкек Қазақстаннан 2 мың автобус сатып алуы мүмкін


Иллюстративное фото

Қырғызстан министрлер кеңсесінің басшысы Ақылбек Жапаровтың мәлімдеуінше, жақында Бішкек қаласына 2 мың автобус алынады. Үкімет автокөлікті сатып алу мәселесіне қарастырып жатыр.

Осыған орай Қазақстан премьер-министрі Асқар Мәмин осы жобаны жүзеге асыру барысына қызығып, отандық электробустарды алуды ұсынды.

Қырғыз үкіметінің хабарлауынша, бұл мәселені көрші екі елдің үкімет басшылары 8 желтоқсанда Ақылбек Жапаровтың Нұр-Сұлтанға жұмыс сапары барысында талқылады. Бұған қоса, қазақ үкіметі Қырғызстанға 1000 тонна астықты көмек ретінде береді. Ақылбек Жапаров Қырғызстанға 12 мың тонна астық қажет екенін, оны Қазақстаннан сатып алғысы келетінін мәлімдеді.

Екі мемлекет үкіметтерінің мәліметі бойынша, тараптар Қырғызстан аумағында үш көтерме сауда орталығын ашу жөніндегі бірлескен жоспарын қабылдады.

Бұған қоса, Қазақстан "Орталық Азия қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында" Қырғызстанға әскери-техникалық көмек көрсетеді. Бұл туралы қазақ үкіметі хабарлады.

XS
SM
MD
LG