Ссылки доступа

Мәскеудегі көпсалалы орталықта атыс болып, екі адам оққа ұшты


Мәскеу қаласының оңтүстігіндегі "Рязанский" мемлекеттік және муниципалдық қызмет орталығында белгісіз біреу қару қолданды.

Алдын ала мәлімет бойынша, орталық әкімшісі мен күзетші қаза тапты. Бұл туралы "112" telegram-арнасы хабарлады. Атыс болғанын Мәскеу мэрі Сергей Собянин растады.

Атыс кезінде үш адам жараланған, олардың арасында бір бала бар. Қазір ол ауруханада жатыр. Кісі өлтіру және қаруды заңсыз ұстау қылмыстары бойынша іс қозғалды.

РБК-ның полициядағы дереккөзінің хабарлауынша, оқ атқан кісінің есімі - Сергей Глазов. Readovka мәліметінше, ол бұрын әскери барлауда істеген. Глазов орталыққа мас болып келіп, маска тағуды талап етушілермен жанжалдасқан. Оны Федералдық миграция қызметінің қызметкерлері ұстады.

Собянин мен Ресей президенті Владимир Путин атыс болған уақытта жаңа метро станциясын ашу салтанатында болды. Қаладағы атысқа байланысты салтанатты шараны тоқтатпады.

XS
SM
MD
LG