Ссылки доступа

Байден АҚШ Украинаға әскерін жібереді деген сөзді жоққа шығарды


Джо Байден

Ресей басқыншылық жасаған жағдайда Украинаға Америка әскерін жіберу қаралмайды, себебі бұл ел НАТО-ға мүше мемлекет емес деп мәлімдеді АҚШ президенті Джо Байден.

"Ресей Украинаға басып кірген жағдайда, Құрама Штаттар біржақты шешім қабылдап, әскерін жібереді деген мәселе жоқ. Бізде НАТО одақтастарының алдында моральдық тұрғыдан және заңдық тұрғыдан жауапкершілігіміз бар", - деп мәлімдеді Байден сәрсенбі күні Ақ үйде журналистер сұрағына жауап берген кезде.

Байден 7 желтоқсанда Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы екі сағатқа созылған сөйлесулері жайында да айтты. Ол Путинге егер Украинаға қарсы операция бастайтын болса, Ресей бұрын-cоңды болмаған экономикалық қиындықтарға тап болатынын ескерттім деді. Байден "Путин бұл сөзімді қабылдады" деген сенімде.

Владимир Путин сәрсенбі күні Джо Байденмен телефон арқылы әңгімесіне пікір білдірді. Ол Мәскеу Украинаны Солтүстікатлантикалық одаққа мүше ретінде қабылдау мүмкіндігіне алаңдайтынын жеткізген.

Мәскеу Украинаға басып кіру жоспарында жоқ екенін айтып келеді.

XS
SM
MD
LG