Ссылки доступа

Қырғызстан Тоқтағұл су қоймасынан Қазақстанға су жібергенін айтты


Қырғызстанның ұлттық энергохолдинг төрағасы Қазақстанның премьер-министрі Асқар Маминге жаз кезінде Тоқтағұл су қоймасынан қазақ диқандарының қажетіне су жібергенін мәлімдеді.

Қырғыз тарабы мұны Қазақстанмен электр энергиямен алмасу үшін жасағанын айтты. Жаз кезінде Қазақстанға кеткен су қыс кезінде электр энергия болып қайтатынын жоспарлаған.

Барлығы Қазақстаннан сағатына 900 млн кВт электр энергия алу жөнінде келісімге келген. Бұл келісім 2023 жылдың тамыз айына дейін жүзеге асуы тиіс.

Қырғызстан Ұлттық энергохолдинг мәліметінше, биылғы жылдың 8 желтоқсанына дейін Қазақстаннан сағатына 616,4 млн кВт электр энергиясын алған.

7 желтоқсанда Асқар Мамин жазғы суару кезінде Қырғызстан қосымша су беріп, көмек көрсетті деп мәлімдеген. Оның сөзінше, бұл оңтүстік диқандарына үлкен көмек болған.

Биыл Қырғызстан Тоқтағұл су қоймасында су деңгейінің төмен болуынан электр энергиясынан тапшылық көріп отыр. 8 желтоқсандағы көрсеткіш бойынша қоймада су деңгейі 10,8 млрд текше метр болған. Бұл соңғы жылдардағы ең төмен көрсеткіш.

XS
SM
MD
LG