Ссылки доступа

Түркіменстанда бюджет қызметкерлеріне мәжбүрлеп тұмауға қарсы екпе салып жатыр


Лебап билігі мемлекеттік мекемеде жұмыс істейтіндерге өз есебінен тұмауға қарсы екпе салдыруға мәжбүрлеп жатыр.

Ресейде өндірілген тұмауға қарсы "Ультрикс" вакцинасы үшін әр адам 21 манаттан төлеуі қажет. "Гёк гушак" акционерлік қоғамы қызметкерлерінен екпе үшін 25 манаттан жинап алған.

Ал 2022 жылдың қаңтарынан бастап елде корнавирусқа қарсы жаппай ревакцинация жүрмек.

"Коронавирусқа қарсы екпе өткен жолғыдай жүреді. Бірінші кезекте медицина қызметкерлерінің өздері алады", - деді дәрігерлердің бірі.

Қазір аймақтарда карантин шаралары қайта күшейді.

29 қарашада Түркіменстанда жұмысын аяқтаған ДДСҰ миссиясы елде коронавирусқа қарсы күресті күшейту керек деп мәлімдеген.

Ал Түркіменстан билігі әлі күнге дейін елінде ковид-19 вирусы анықталмады деп келеді.

XS
SM
MD
LG