Ссылки доступа

Орталық Азияда электр қуаты ең қымбат ел - Қазақстан


Энергетика секторын зерттеуге арналған Cable.co.uk британ порталы әлемнің 230 еліндегі электр қуатының бағасын салыстырды.

Портал мәліметінше, Өзбекстанда 1 киловатт-сағат электр қуаты 0,027 доллар немесе 295 сум тұрады. Өзбекстан рейтингте 7-орын алды.

Зерттеулерге сәйкес, Орталық Азия елдерінде ең арзан электр қуаты Қырғызстанда сатылады. Бұл елде 1 киловатт-сағат электр қуаты 0,017 доллар тұрады. Қырғызстан рейтингте төртінші орында тұр. Алтыншы орынға Тәжікстан орналасты. Мұндағы баға - 0,023 доллар.

Қазақстан 16-орында тұр. Республикада 1 киловатт-сағат электр қуаты 0,039 доллардан сатылады.

Электр қуаты арзан үш мемлекет Африкада орналасқан - Ливия (0,007 доллар), Ангола (0,013 доллар) және Судан (0,014 доллар).

Соломон Аралдарында (0,692 доллар), Әулие Елена аралында (0,612 доллара) және Вануатуда (0,591 доллар) электр қуаты қымбат екені анықталды.

XS
SM
MD
LG