Ссылки доступа

Диспетчер: Ryanair ұшағының Минскіге қонуға мәжбүр болуы - арнайы қызмет операциясы


Ұшақты Минск қаласына қондыруға мәжбүр болған әуе диспетчері Олег Галегов Польша билігінің сауалдарына жауап берді. Ұшақ бортында беларусь оппозициялық блогері Роман Протасевич болған.

The New York Times дереккөздерінің мәліметінше, Галегов жазда беларусь-поляк шекарасын заңсыз кесіп өткен. Варшавада ол АҚШ елшілігіне хабарласқан, бірақ елшіліктегілер оны поляк билігіне жүгінуге кеңес берген. Әуе диспетчері жергілікті билікке ұшақты Минск қаласына мәжбүрлеп қондыру операциясын Беларусь Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі жүргізгенін айтты.

The New York Times газетінің хабарлауынша, диспетчер Польшадан кеткен, оның қазір қайда екені хабарланбады.

23 мамырда ирландиялық Ryanair компаниясының Афиныдан Вильнюске ұшқан ұшағы жарты жолда Минск қаласына қонуға мәжбүр болды.

Ұшақ бортындағы блогер Роман Протасевичті беларусь билігі ұстап, оның үстінен қылмыстық іс қозғады. Протасевич - Nexta телеграм-арнасының негізін қалаған.

XS
SM
MD
LG