Ссылки доступа

Бішкек Тоқаевтан вакцина салдырған қырғыз азаматтарын шекарадан өткізуін сұрады


Қырғызстан министрлер кеңсесінің төрағасы Ақылбек Жапаров 8 желтоқсанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесдесіп, шекараны ашу мәселесін көтерді. Бұл туралы қырғыз үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Екі елде коронавирусқа қарсы вакцина паспорты мойындалатынын ескеріп, Қазақстанның құрлықтағы шекарасын Қырғызстанның вакцина салдырған азаматтарына ашуға ықпал етуіңізді сұраймын", - деді Жапаров.

Қазақстан жағы көрші ел өкілінің өтінішіне қалай жауап бергені хабарланбады.

Қарашаның басында Ақылбек Жапаров Қазақстан премьер-министрі Асқар Мәминмен Бішкекте кездескен. Шекараны ашу мәселесі сол жүздесуде де көтерілген. Бірақ шекараның нақты қашан ашылатыны әзірге белгісіз.

Қырғызстан мен Қазақстан шекарасындағы өткізу пукнтері 2020 жылғы көктемде қырғызстандықтар үшін жабылды. Қырғыз азаматтары көрші елге ұшақпен ғана бара алады. Қазақстан азаматтары болса Қырғызстанға еркін кіріп-шығып жүр.

XS
SM
MD
LG