Ссылки доступа

Жүкті ауған ұшқышы Тәжікстаннан кеткеннен кейін ұл босанды


Тәжікстанға тәліптерден қашып барған ауған ұшқыш әйелі Абу-Дабидегі перзентханалардың бірінде босанды.

Озоди радиосына ауған ұшқыштарының бірі хабарлағандай, сәби өткен аптада дүниеге келген.

10 қарашада АҚШ қолдауымен 143 ауғанстандық ұшақ Душанбеден Абу-Дабиге ұшып кеткен.

"Талибан" қозғалысы Ауғанстанда билікті басып алғаннан кейін Тәжікстанға қашып келген 143 ауған ұшқышы және әскери қызметкерлер мемлекеттік университеттің жатақханасына орналастырылып, көп өтпей демалыс орнына ауыстырылған.

Тәжікстан билігі күн сайын тәжік-ауған шекарасынан 500-600 адам өтуге әрекет жасап жатқанын, бүгінгі күнде Тәжікстандағы ауған босқындарының саны 15 мыңнан асқанын білдіреді. Көптеген босқындар Тәжікстанда қалуды қаламайды, олар үшінші елге кеткісі келеді.

XS
SM
MD
LG