Ссылки доступа

HRW Ташкенттен блогер Фозилхожа Арифхожаевті босатуды талап етті


9 желтоқсанда халықаралық Human Rights Watch адам құқықтарын қорғау ұйымы Өзбекстан билігінен "негізсіз айыптармен қудаланған" блогер Фозилхожа Арифхожаевты тез арада босатуды талап етті.

Ұйым мәліметінде блогер Арифхожаевтің әлеуметтік желілерде жариялаған қарапайым жазбасы үшін қоғам тәртібіне қауіп төндірді деген айыппен сотталғаны айтылған. Блогер сегіз жылға сотталуы мүмкін.

Фозилхожа Арифхожаев 2021 жылғы 28 маусымда "ұсақ бұзақылық" айыбымен ұсталды. Блогерді 15 тәулікке қамады. Алайда, ұйым мәліметінше, блогерді босатудың орнына, құқық қорғау қызметкерлері оны жаңа қылмыстық іс бойынша тергеу изоляторында ұстап отыр.

Күдіктінің туыстарының айтуынша, абақтыда отырған уақытта блогерге қысым көрсетілген, медициналық көмек болмаған.

"Фозилхожа Арифхожаевтің үстінен қылмыстық іс негізсіз қозғалған, сол себепті Өзбекстан билігі оны тез арада босатуы тиіс", - дейді HRW ұйымының Орталық Азия жөніндегі аға зерттеушісі Мира Риттман.

41 жастағы блогер Арифхожаев өзбек билігінің діни саясатын өткір сынаған.

XS
SM
MD
LG