Ссылки доступа

Құқық қорғаушылар: Тәжікстанда жастарды әскерге "ұстап әкету" тыйылмай тұр (видео)


Осенний призыв в армию завершился, но «облавы» продолжаются
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:10 0:00

Осенний призыв в армию завершился, но «облавы» продолжаются

Тәжік құқық қорғаушылардың айтуынша, күзгі науқан 30 қарашада ресми түрде аяқталғанына қарамастан, елдің түрлі аймақтарында жастарды әскерге "ұстап әкеткені" туралы мәліметтер түсіп жатыр.

"Жастарды әуежайларда ұстап, әскери комиссариатқа мәжбүрлеп алып барған. Біз комиссариат әрекетіне шағымдануды көздеп отырмыз", - дейді "Азаматтар еркіндігі кеңсесі" қоғамдық ұйымының жетекшісі Дилрабо Самадова.

Тәжікстанда азаматтарды әскерге шақыру күзгі науқаны 30 қарашада аяқталды. Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, күзгі науқан аяқталған соң елде көктемгі науқанға дайындық басталып кетті.

Дилрабо Самадованың пікірінше, 30 қарашадан соң жастарды әскерге шақыру Тәжікстан президентінің жарлығын бұзады. "Шындығын айтсақ, әскери комиссариаттардың кейбір жұмысшылары қызмет бабын асыра пайдаланып, ақша жасауды көздейді. Бұған жол жоқ. Әскерге шақыру мерзімі созылған жоқ", - дейді қоғамдық ұйым жетекшісі.

Қорғаныс министрінің баспасөз хатшысы Фаридун Махмадалиев жастарды әскерге шақыру енді жаңа заңмен реттелетінін алға тартты. "Әскери қызмет және оған шақыру туралы" жаңа заңға сәйкес, әскерге жарамды азаматтарды комиссариаттарға шақырту жыл бойы жүре береді. Әскери комиссаратқа қаңтарда шақырту алған азамат сол айда әскерге аттанады деген сөз емес, ол бар болғаны сол жерде тіркеледі", - дейді Махмадалиев.

XS
SM
MD
LG