Ссылки доступа

Иран клубына шақырту алған екі тәжік футболшысы келісімсіз қалды


"Персеполис" командасынан шақырту алып, Иранға кеткен екі тәжік футболшысы бес аптадан бері келісім-шартқа отыра алмай жүр.

Вахдат Ханонов пен Манучехр Сафаров қазір Тегерандағы қонақ үйлердің бірінде тұрып жатыр. "Персеполис" командасының трансфер өткізетін уақыты аяқталған, шақырту алған футболшылардың енді не істейтіні белгісіз.

Ирандағы танымал клубқа тәжік футболшыларының шақыртылғаны туралы жаңалық Тәжікстан ақпарат құралдарында екі ай бойы сөз болды.

Вахдат Ханонов пен Манучехр Сафаров Иранда жергілікті команда сапында жаттығып, бірнеше жолдастық кездесу өткізген.

"Тегеранда өмір жақсы, қонақжай халық. Бөтен адамдай сезінбеймін. Иран мен тәжік мәдениетінің арасында өзгеріс жоқ", - деген Вахдат Ханонов.

20 жастағы Манучехр Сафаров Тәжіктан құрамасы сапында 14 матч өткізген.

"Персеполис" бұрынғы бас бапкерге қарызын толық өтемеуіне байланысты жаңа ойыншы тарта алмай қалды. Мәселе 13 желтоқсанда ғана шешілді. Енді "Персеполис" үшін трансфер терезесі ашылады.

Transfermarket мәліметінше, Ханонов 150 мың евроға, ал Сафаров 175 мың евроға бағаланған.

XS
SM
MD
LG