Ссылки доступа

Ташкент облысының әкімшілігі өз сөзін жоққа шығарды


12 желтоқсанда Ташкент облысының әкімшілігі Нурафшанда Зульфия Зокироа атындағы кітапхана мен ескерткіш кешені салынбайтынын, 34,4 миллиард сум ($315 мың) бюджетке қайтарылатынын хабарлаған. Енді аймақ басшылығы бұл мәліметті жоққа шығарып отыр.

Мәліметке қарағанда, Зульфия Зокирова кітапханасы мен ескерткіш кешенін салатын уақыт өзгерді. Қаражаттың бюджетке қайтарылуына есептеулер мен жобалау жұмыстарының дұрыс еместігі себеп болған.

"Болашақта бұл жобаға нақты есепке сай қаражат бөлінеді", - делінген хабарламада.

Зульфия Зокирова – Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде бес баласынан айрылған өзбек әйелі. Зокированың ауыр тағдыры туралы "Ильхак" фильмі түсірілген. Зульфия ескерткіші Ташкент қаласындағы Жеңіс саябағына қойылған.

XS
SM
MD
LG