Ссылки доступа

Тәжікстанның солтүстігіндегі тұрғындар әлі газсыз отыр


В прошлом году власти объявили, что в Согдийскую область будет поставлен узбекский газ

Соғды облысының тұрғындарына Өзбекстаннан табиғи газ жеткізілетіні туралы уәде берілгеніне бір жылдан асты, бірақ көгілдір отын әлі келмеген.

Бұл уақытта "Соғдыгаз" жақында автокөліктерге арналған газды саудаға шығаруды жоспарлап отыр. Бободжон Гафуров ауданы мен Худжанд қаласында бес жанармай құю бекетіне автокөлікке газ беретін орындар орнатыла бастады.

Мұндай газдың бір текше метрі 4 сомони тұрады.

"Соғдыгаз" басшысы Абдулхаким Суфиевтің айтуынша, үкімет автокөлік отындарының басқа да түрлерін іздеуді тапсырған. "Бензин мен дизель отыны қымбат. Үкімет бастамасы министрліктер мен кәсіпорындарға жолданды, ол бізге де жетті. Біз осындай шешім қабылдадық, енді рұқсат күтіп отырмыз", - деді ол.

Соғды облысы әдетте табиғи газды Өзбекстаннан алады. Былтыр тәжік билігі Өзбекстан Соғды облысына газ жеткізе бастағанын хабарлады. Бұған тұрғындар қатты қуанған. Алайда содан бері бір жыл өтсе де тұрғын үйлерге газ берілмеген.

Өзбекстан Тәжікстанға табиғи газ жеткізуді 2012 жылы тоқтатты. Одан соң тәжік билігі көрші елмен келісуге тырысты, бірақ бұрынғы президент Ислам Каримов үкіметі оған көнбеді.

Мәліметтерге қарағанда, "Тәжікгаз" өзбек газының 1 мың текше метрін 130 долларға сатып алып отыр. Соғды облысында 44 кәсіпорын өзбектің табиғи газымен жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG