Ссылки доступа

400 мигрантқа Ресейге 40 жылға кіруге тыйым салынды


Мәскеуде 400 мигрантқа "заңсыз митингке қатысты және бұзақылық жасады" деген айыппен Ресейге 40 жылға кіруге тыйым салынды. Осылай деп РФ ІІМ миграция мәселесі бойынша басқарма өкілі Татьяна Дмитриева хабарлады.

Оның сөзінше, Мәскеуде қазір 1 млн 33 мың мигрант бар, олардың 82% жұмыс істейді. Мигранттардың 31 пайызы Өзбекстаннан, 26 пайызы Тәжікстаннан және 25,4 пайызы Қырғызстаннан келгендер.

Биыл тамыз айында Мәскеу мэрі Сергей Собянин Ресейден 200 мигранттың депортацияланғанын, 800-не әртүрлі баптар бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген.

Ресейдің миграция бойынша заңгері Роман Степановтың сөзінше, диаспоралар арасында қақтығыс осыған дейін де болған және бола береді. Бірақ қазір БАҚ мұны бірінші проблема етіп көтеретін болды дейді.

XS
SM
MD
LG