Ссылки доступа

Полиция белсенді Алмат Жұмағұловты ұстап әкетті


Полиция белсенді Алмат Жұмағұловты ұстап әкетті. Бұл жөнінде құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина хабарлады.

Белсендінің әйелі Әсел Жұмағұлованың сөзіне қарағанда, 16 желтоқсанда таңертең Алмалы аудандық ішкі істер басқармасының қызметкерлері Алмат Жұмағұловты дүкенге шыққан жерінен ұстап әкеткен.

"Оған кешке дейін полиция басқармасында боласың деген" деді белсендінің әйелі Азаттық тілшісіне.

Алмалы аудандық ішкі істер басқармасының өкілі Алмат Жұмағұловтың полицияға жеткізілгенін растады. Бірақ себебін түсіндірмеді.

Алмат Жұмағұлов – қоғамда резонанс тудырған "жиһадшылар ісі" бойынша 8 жылға сотталып, биыл 1 қазанда мерзімінен ерте босап шыққан белсенді. Құқық қорғаушылар оның көзқарасына байланысты қудаланып жатқанын айтып, "саяси тұтқындар" қатарына қосқан. Белсенді қазір пробациялық бақылауда.

Қазақстанда оппозициялық күштер митингісі қарсаңында полицияның белсенділерді ұстауы жиілейді. Жергілікті және халықаралық құқық қорғаушылар Нұр-Сұлтанды белсенділерді қудаламауға шақырып келеді.

XS
SM
MD
LG