Ссылки доступа

Президент тыйымына қарамастан, Өзбекстанда мұғалімдерді мерзімді баспасөзге жазылуға мәжбүрлеп жатыр


Аймақтардан түскен түрлі құжаттар мен ақпараттарға қарағанда, жергілікті билік мерзімді басылымдарға жазылуға мәжбүрлеу науқанын жүргізіп жатыр.

Аймақтардың кейбірінде мектеп директорларынан "өз еркімен мерзімді басылымға жазылуды ұйымдастыру" туралы қолхат жаздырып алған.

Мәселен, Сырдария облысы Сардоба ауданындағы №13 мектептің директоры хатында былай деп жазған: "Маърифат кўзгуси", "Янги Сирдарё", "Халқ сўзи", "Янги Ўзбекистон", "Маънавий ҳаёт" секілді ондаған басылымға жазылуды ұйымдастыруды мойныма алам".

Мерзімді баспасөзге мәжбүрлеп жаздыру науқаны елдің басқа да аймақтарында жүріп жатқанын дәлелдейтін материалдар бар.

Қашқадария облысы Китаб ауданындағы мектептердің бірінің директоры тапсырманы орындамағандар жұмыстан шығарылатынын айтты.

Өзбекстан президенті 2018 жылғы 14 тамызда жарлық шығарып, мұғалімдерді мерзімді басылымдарға жазылуға мәжбүрлеуге тыйым салды. Алайда өзбек шенеуніктері бұны мұғалімдер "өз еркімен" жазылды деп көрсетуге тырысып жатыр.

Өзбекстанда 1200-ден астам газет пен журнал шығады.

XS
SM
MD
LG