Ссылки доступа

Ташкенттегі чемпионатта Иран әнұранына қатысты жанжал болды (видео)


Логотип Федерации тяжелой атлетики Ирана.
Логотип Федерации тяжелой атлетики Ирана.

15 желтоқсанда Ташкентте ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Иран әнұранына қатысты жанжал болды. Иран спортшысын маратаппау кезінде аренада Иран Ислам Республикасының емес, шах Мохаммед Реза Пехлеви билігі тұсындағы әнұран шырқалды.

Әлем чемпионатының тоғызыншы күні 102 салмақ дәрежесінде алтын жүлдені иран атлеті Массул Мотамеди жеңді, ал оның отандасы Әмір Хавуги қола алды.

Аренада иран спортшыларына жүлде тапсыру салтанаты кезінде Иран Ислам Республикасының емес, шах Мохаммед Реза Пехлеви билігі тұсындағы әнұран шырқалды. Иран спортшылары бұған наразы болды.

Салтанатты шара кезінде иран атлеттері "Тоқта!" деп айқайлап, чемпионатты ұйымдастырушылардан екі әнұранды өшіруге тырысты.

Фарда радиосының (Азаттық радиосының Иран редакциясы) хабарлауынша, Ташкенттегі чемпионатта 42 жыл бұрын биліктен тайдырылған шах Мохаммед Реза Пехлеви тұсындағы әнұран шырқалған. Соған байланысты чемпионатты көрсеткен иран телеарнасы тікелей эфирді үзіп жіберіп, бірнеше минуттан соң эфирге қайта оралған.

DPA агенттігінің хабарлауынша, Иранда Пехлеви есімін атауға тыйым салынған, сондықтан Ташкенттегі жағдай ирандықтардың наразылығын туғызған. Әлеуметтік желілерде сыни пікірлер көп жазылған.

Өзбекстан ауыр атлетика федерациясы иран тарапын кінәлап отыр.

– Иран жағы ескі әнұранды өздері берген, біздікілер соны қоя салған. Кейін иран тарапы қателік жібергенін мойындады, – деді Өзбекстан ауыр атлетика федерациясының өкілі.

1953 жылы Иранда ел тарихында алғаш рет демократиялық жолмен билікке келген Мохаммед Моссадық үкіметі тайдырылып, оның орнын шах Мохаммед Реза Пехлеви басып алды. Алайда 1979 жылы Ислам революциясы кезінде шах билігі құлап, 2500 жылға созылған монархия аяқталды.

XS
SM
MD
LG