Ссылки доступа

Қырғызстан Көшпелілер ойынын ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұралар тізіміне енгізді


Дүниежүзілік көшпелілер ойыны ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұраларды сақтау жөніндегі тізіміне енді. Осындай бастаманы Қырғызстан көтерді.

Шешім 16 желтоқсанда ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраларын сақтау жөніндегі үкіметаралық комитеттің сессиясында қабылданды.

Ұйымның Франциядағы штаб-кеңсесінде онлайн форматта ұйымдастырылған жиналысқа қырғыз мәдениет министрі бастаған топ қатысты.

Биыл ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне әлем елдерінен 59 өтініш қаралып жатыр.

Қазір бұл тізімге әлем бойынша 601 элемент кіреді. Қырғызстаннан тізімге "Манас, Семетей, Сейтек" трилогиясы, ақындық өнер, киіз бен кілем дайындау өнері, киіз үй дайындау (Қазақстан, Қырғызстан), айтыс (Қазақстан, Қырғызстан), жұқа нан пісіру мәдениеті, Наурыз және көкпар енген.

Дүниежүзілік көшпелілер ойыны Қырғызстан бастамасымен 2014 жылдан бері өткізіліп келеді.

XS
SM
MD
LG