Ссылки доступа

Өзбекстанда сауда орталығындағы жарылысқа байланысты газ мекемесінің үш қызметкері ұсталды


Өзбекстанның Денау қалалық газ мекемесінің үш қызметкері 7 желтоқсанда "Инденим" сауда орталығында болған жарылысқа байланысты ұсталды.

Өзбекстан бас прокуратурасының хабарлауынша, олардың үстінен "кәсіби қызметін дұрыс орындамау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Еске салайық, 7 желтоқсанда Денау қаласындағы "Инденим" сауда орталығында жарылыс болды. Қайғылы оқиғадан екі адам қаза тапты, тоғыз адам жараланды.

Алдын ала мәлімет бойынша, орталықтағы газ құрылғылары ұзақ істегеннен қызып кетіп, соның салдарынан жарылған.

14 желтоқсанда президент Шавкат Мирзияев Денаудағы жарылыс себептерін телеарналарда хабарлауды, аймақ басшыларына "мұндай оқиғалардың қайталанбауын қадағалауды" тапсырды.

XS
SM
MD
LG