Ссылки доступа

Қырғыз шекара қызметі Тәжікстанмен шекараға жақын Баткен-Лейлек жолындағы оқиғаға қатысты мәліметті терістеді


Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Шекара қызметі әлеуметтік желілерде тараған аудиотаспадағы мәліметті тексерді. Онда 16 желтоқсанда Баткен-Лейлек автожолындағы Самаркандек ауылы маңында белгісіз біреулер автокөліктерді таспен атқылағаны баяндалған.

Шекара қызметінің хабарлауынша, әлеуметтік желілерде таралған бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Қырғызстан мен Тәжікстан шекарашыларының кездесуінде тараптар осындай тұжырымға тоқтаған.

Ресми мәлімет бойынша, 17 желтоқсанда қырғыз-тәжік шекарасында жағдай тұрақты.

Бұның алдында Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасының Баткен ауданы Кочо-Бою елді мекенінде оқ атылған. Қырғыз шекара қызметінің мәліметінше, тәжік жағы қарудың орынсыз қолданылғанын мойындаған. Тәжікстан шекарадағы бұл оқиғаға қатысты мәлімет таратпады.

Қырғызтан мен Тәжікстан шекарасы 970 шақырымға созылып жатыр, соның 519 шақырымының ғана ресми мәртебесі анықталған.

XS
SM
MD
LG