Ссылки доступа

Ресей Кабулдан 200 адамды алып шықты, арасында қырғыз азаматтары бар


18 желтоқсанда Ресей Ауғанстаннан 200-дей адамды алып шықты. Олардың арасында қырғыз азаматтары да бар. Бұл жөнінде Қырғызстанның қорғаныс министрлігі хабарлады.

Бұл жолы үш ұшақ тартылған. Ол ұшақтармен Ресей Кабулға азық-түлік және дәрі-дәрмектен тұратын 36 тонна гуманитарлық жүк жеткізіп, қайтарда өзінің және қырғыз азаматтарын алып қайтқан.

Кабулдан 18 желтоқсанда ұшып шыққан ұшақтар Тәжікстанның Гиссар және Қырғызстанның Кант әуежайына май құйдыру үшін қонып, 19 желтоқсанда Мәскеу облысындағы Чкаловский аэродромына жеткені хабарланды.

Қырғызстанның қанша азаматы эвакуацияланғаны әзірге белгісіз.

Ауғанстанда үкіметті басқару "Талибан" қозғалысына өткен кезде, ондаған қырғызстандық эвакуацияланған. Қырғызстан ауғандықтарға екі рет гуманитарлық көмек жеткізген. Егер Ауғанстанда аштық орын алса, босқындар Орталық Азияға ағылуы мүмкін екені айтылады.

XS
SM
MD
LG