Ссылки доступа

Ташкентте жалақы алмаған аула сыпырушылар әкімдік алдына жиналды (видео)


Әлеуметтік желілерде жалақы талап еткен аула сыпырушылардың астанадағы Чиланзар ауданы әкімдігі алдына жиналғаны бейнеленген видео тарады.

Әкімдік алдына жиналған жұрт айлықтық қысқарғанына және кешігіп жатқанына наразылық білдірген.

"Алдын айлықтан 300 мың сум ұстап қалды. Аванс жоқ, мереке күндерге төленбейді. Олар біздің еңбекті қалай пайдалану керектігін біледі, бірақ айлық туралы ұмытып кетеді. Бізде киім ауыстыратын бөлме де жоқ. Ешкім адам құрлы көрмейді. Әжетханаға жібермейді, асханада бір кесе шай ұсынбайды", – деді аула сыпырушылардың бірі Kun.uz тілшісіне.

Кейін Ташкент қаласы Чиланзар ауданының басшысы Шавкат Мавлонов жалақы талап етуші қызметкерлермен кездесті.

Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, оларға айлық төленді. Бұған қоса, аудан басшысы жұмысшыларға көлік беріп, жалақыларын үшінші разрядпен қайта есептеуді тапсырды.

XS
SM
MD
LG