Ссылки доступа

Қырғыз астанасында шаруалар митинг өткізді


Қырғызстан аймақтарынан жиналған жиырма шақты шаруа Бішкек қаласындағы ескі алаңда наразылық акциясын өткізді. Олар ауыл шаруашылығы техникасы үшін лизинг ала алмай жүр.

Шаруалардың айтуынша, биыл қазанда үкімет "Айыл Банк" арқылы 4,5 пайыздық несие беріледі деген. Шаруалар техниканы лизингпен алу үшін алғашқы жарна өткізген, алайда "Айыл Банк" қаражат жоқтығын сылтауратын 14 пайыздық үстемесі бар несие ұсынған. Шаруалар бұған наразы.

26 қарашада президент Садыр Жапаров Қауіпсіздік кеңесінің отырысында шаруаларға жеңілдікпен несие беретін банктердің қызметін тексеруді тапсырған. Мемлекет басшысының мәлімдеуінше, ауыл шаруалығын дамытуға бөлінген мемлекет қаражатының үш пайызы ғана шаруаларға тиеді, қалған 97 пайызы кәсіпкерлердің, депутаттардың, министрлердің, губернаторлар мен олардың туыстарының қалтасына түседі.

29 қарашада Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті "Айыл Банктегі" жемқорлыққа қатысты тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

"Айыл Банк" – мемлекеттік қаржы мекемесі. Оның міндеттерінің бірі - ауыл шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру.

XS
SM
MD
LG