Ссылки доступа

Тәжік билігі БҰҰ-ның дәрігер Бобокалонов ісіне қатысты талаптарын орындамаған


Саодат Кулиева и дети Хуршеда Бобокалонова в 2013 году. Архивное фото
Саодат Кулиева и дети Хуршеда Бобокалонова в 2013 году. Архивное фото

"Адам құқықтарын қорғау жөніндегі тәуелсіз орталық" қоғамдық ұйымы БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитетіне хат жазып, тәжік билігінің дәрігер Хуршед Бобокалонов өліміне қатысті істі қайта қарау жөніндегі талаптарды орындамағанына шағымданды.

Душанбедегі республикалық онкология орталығының дәрігері Хуршед Бобокалонов 2009 жылғы 27 маусымда беймәлім жағдайда қайтыс болды. Дәрігер қайтыс болардан алдын оны милиция қызметкерлері ұстаған. Марқұмның анасы ұлын милиция қызметкерлері ұрып өлтірді деп есептейді, алайда билік дәрігер жүрек талмасынан көз жұмды деп отыр.

Былтыр БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитеті Тәжікстан билігінен істің қайта қаралуын талап еткен. Комитет әйел мен оның ұлының құқықтары өрескел бұзылғанын жазған.

"Бір жыл өтті, бірақ талаптардың ешқайсы орындалмады", - делінген адам құқықтарын қорғаушылардың үндеуінде.

34 жастағы Хуршед Бобокалоновты 2009 жылы жазда милиция қызметкерлері тоқтатып, сөмкесін ашып көрсетуін талап еткен. Дәрігер талапты орындаудан бас тартқан. Сол кезде милицияның он шақты қызметкері Бобокаловты автокөлікке күшпен отырғызған. Ертесіне дәрігер қайтыс болды.

XS
SM
MD
LG