Ссылки доступа

Мирзияевтің арнайы өкілі: "Ауған азаматтарын ешкім еліне күштеп қайтарғалы жатқан жоқ"


Өзбекстан президентінің Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілі Исматулла Иргашев биыл тамызда еліне қайтарылған 150 ауған азаматының тағдыры туралы мәліметпен бөлісті.

Арнайы өкілдің айтуынша, Өзбекстаннан Ауғанстанға қайтарылған бір де бір босқын өлтірілген немесе түрмеге түскен жоқ. Иргашевтің мәлімдеуінше, елге оралған азаматтарының қауіпсіздігін қорғауға уәде берген тәліптер сөзінде тұрды.

Ташкентте өткен брифингте Мирзияевтің арнайы өкілі өзбек үкіметінің ауған азаматтарын еліне қайтуға мәжбүрлемейтінін мәлімдеді.

Исматулла Иргашевтің айтуынша, Өзбекстанда қалуға мүмкіндігі бар ауған азаматтарына виза беру мәселесі шешіледі, елден кеткісі келгендерге халықаралық ұйымдар басқа елдерде босқын мәртебесін алып беруге көмектеседі.

XS
SM
MD
LG