Ссылки доступа

Эмомали Рахмон Тәжікстандағы білім беру жүйесін сынады


Президент Таджикистана Эмомали Рахмон
Президент Таджикистана Эмомали Рахмон

Тәжікстан президенті парламентке жолдауында елдегі білім беру жүйесін қатаң сынады. Эмомали Рахмонның пікірінше, білім жүйесін толықтай реформалау қажет.

"Бағдарламалар, оқу жоспарлары ескі. Мұғалімдердің дені жаңа әдістемелермен, жұмыс технологияларымен таныс емес. Өзімізді алдап, диплом таратып жүрміз. Бұл жүйені реформалау керек", - дейді тәжік президенті.

Сонымен бірге ол үкімет пен мемлекеттік қызметке 10 жылдан соң ана тілімен қатар тағы екі тіл меңгергендерді ғана жұмысқа алу туралы заң қабылдауды ұсынды.

Тәжікстандағы мемлекеттік телеарналар мен радиолар президент жолдауын тікелей эфирде таратты.

XS
SM
MD
LG