YouTube канал кемсіту мен қорқытулар бар контент жарияланды деген көптеген шағымдардан кейін, "ережені бұзды" деп бұғатталғанын хабарлады.
21 желтоқсанда Озоди радиосының тілшісімен сөйлескен Садриддин соңғы екі күннен бері сайтқа шабуылдар болып, YouTube тексерулерді аяқтағанша, Ислох ТВ каналын бұғаттау туралы шешім қабылдады деді.
"Бұл біздің мақалаларға наразы шенеуніктердің ісі екенін біліп отырмыз. Өз кемшіліктерін мойындап, сабақ алудың орнына, біздің каналды жабу үшін барлық әрекеттерін жасап жатыр", - деді Садриддин.
Ислох ТВ каналының 150 мыңнан астам тіркелушісі бар. Онда негізінен тәжік шенеуніктеріне қатысты сыни материалдар жарияланады.
Мухаммадикболи Садриддинге Еуропа елдерінің бірінде саяси баспана берілген. Ол Тәжікстанда қызметіне тыйым салынған "Исламның қайта жаңғыруы" партиясының бұрынғы жетекшілерінің бірі Каландар Садуридинзоданың ұлы.
Былтыр Мухаммадикболи Садриддинге қарсы "алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, халықаралық іздеу жарияланған.